UNITED EV AUTOTRANS
Сипаттамасы
Электромобильдерге арналған толық синтетикалық сұйықтық жоғары сапалы, терең тазартылған базалық майлардан дайындалып, іс жүзінде сыналған қоспалар пакетімен араластырылған. Бұл құрам жоғары көлемдік электрлік кедергіні (электр тогының өтуіне қарсылықты) және қажалуға қарсы тамаша қорғанысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мыс, болат және тығыздағыш материалдармен жақсы үйлесімділікке ие және тотығуға жоғары төзімділік көрсетеді.
Бұл өнім жабдықты сенімді қорғайды және аса төмен тұтқырлықта (ULV) жұмыс істеуге оңтайландырылған, сондықтан маймен салқындатылатын электрмобильдерде қолдануға өте қолайлы. Бұдан бөлек, ол энергия тиімділігін арттырып, жылу берілісінің тиімділігін жақсартады.
Негізгі артықшылықтары
- Кез келген жылдамдық режимінде берілістерді сенімді қорғайды.
- Электр қозғалтқыштарымен жақсы үйлеседі.
- Электрлік әсерлер мен тозудан қорғаудың теңгерімді тиімділігін қамтамасыз етеді.
- Жоғары көлемдік меншікті электрлік кедергіге ие.
Ұсынылады:
- LIXIANG
- ZEEKR
